Текст
✨ "Еркетай" тобы – "Менің Қазақстаным" тақырыптық тәрбие сағаты
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының ересек "Еркетай" тобында Конституция күніне арналған "Менің Қазақстаным" атты тақырыптық-тәрбие сағаты өтті.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.
👦👧 Балалар мемлекеттік рәміздермен танысып, тақпақтар айтып, өз ойларын ортаға салды. Шығармашылық жұмыстар арқылы туған елге деген құрметтерін білдірді.
🌟 Бұл шара бүлдіршіндердің жүрегіне «Қазақстан – менің Отаным, мен оның болашағымын» деген сенімді ұялатты.
#КонституцияКүні #МеніңҚазақстаным #ЕркетайТобы #АқботаБөбекжайы #ПатриоттықТәрбие