«Ақбота» бөбекжайында 27.05.2021 Айтжанова Алмагүл Сагындыковна менКалмаганбетова Арай Балтабековнаның ұйымдастыруымен «Құлыншақ» даярлық тобында «Бөбекжаймен қоштасу: Түлек-2021» мерекелік іс-шара өткізілді. Даярлық тобы осы төрт жыл үшінде бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бүгінгі күні бөбекжаймен қоштасты. Осы уақыт ішінде даярлық тобының балалары білім нәрін үйреніп, алғашқы әріптерді танып, жақсылықпен жамандықты ажыратуды ұқты. Ең басты адами құндылық қасиеттерін бойларын сіңірді. Мерекеміз көңілді бимен ашылып, «Тәрбиеші апай» әнімен жалғастырылды. Сонымен қатар мультфильмдер елінен Леди Баг келіп, балалардың білім деңгейін тексеріп, математик негіздері, сауат ашу және көркем әдебиет оқу қызметінен тапсырмалар орындатты. Балалар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындады және де ағылшын тілінен өз білімдерін көрсетіп, ортаға шықты. Орыс тілінде тақпақтар айтып, «Қош бол бөбекжай» әнін орындады. «Ойыншықтар» биін билеп, бөбекжайдағы ойыншықтарымен қоштасты. Осы уақыт ішінде әтті тамақ пісірген, таза төсекке жатқызған, оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырған директор мен әдіскерге, бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өлең шумақтарын жолдады. Кешіміз қыздардың «Модница» биімен жалғасып, кеш соңын «Вальс» биімен аяқтады. Балалар осы бөбекжай қабырғасында оқып үйренген білімдерін ары қарай мектепте шыңдай түседі деген ойдамыз. Сәт сапар сіздерге, болашақ жұлдыздар!!!