Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Біз мектепке барамыз - демекші, Уәлиханов көшесіндегі МКҚК «Ақбота» бөбекжайының даярлық «Қошақан» тобында бөбекжаймен қоштасу кеші өтті. Кешімізді «Тәрбиеші апай» әдемі әнімен бастап, балалар өздерінің жаттаған өлең шумақтарын мәнерлеп айтты. Қыздар «Қолшатыр» биін билеп, мерекелік кешті жалғастырды. Мультфильмдер әлемінен кейіпкер келіп балаларға арнап әкелген тапсырмаларын орындатты. Балалар «Сауат ашудан», «Математика негіздері» пәндерінен тапсырмаларды орындап, ағылшын, орыс тілінде жаттаған тақпақтарын жатқа айтып, өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді. Балалар келген қонаққа «Бала, бала , баламыз», «Қош балбұлақ, бақшамыз» әндерін орындап, «Ойыншықтар» , «Ақ көгершін» билерін билеп берді.
Осы жылдар бойы тәлім-тәрбие берген бөбекжай қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өлең шумақтарын жолдады. Мереке соңында балалар «Вальс» билеп, «Қоштасу әні» атты әнін шырқады. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған «Қошақан» тобы түлектерінің қадамдарына гүл бітсін! Сәт сапар тілейміз!