"Ақбота " бөбекжайында ортаңғы топ тәрбиешілері Шайкенова К. М Батталова А Ж , Темешева Г.А, «Ботақан», «Күншуақ » тобының балаларымен 1 маусым балаларды қорғау күніне «Біз өмірдің гүліміз» атты ертеңгілік өткізді. Бүкіл әлемде 1маусым! Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру. Ертеңгіліктің мақсаты балаларды қорғау күні туралы түсініктерін бекіту және ойын -сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыруда юалаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу болып табылды. 1 Маусым балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Балаларға бүгінгі жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ. Бүлдіршіндерді құттықтап әр түрлі кейіпкерлер Лунтик, Түлкі, Мысық, Су періштесі кейіпкерлерімен балалар әртүрлі ойындар ойнады, флешмоб биледі. Балалар асфальтта бормен сурет салып, аспанға шарларын ұшырды. Балаларға мереке қатты ұнады. Халықаралық балалар күні әлемнің түпкір-түпкіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығың қорғап, қамқор болуға, үндейтін мейрам. Балаларды қорғау күнінде олардың көңіл-күйлерін көтеру. Осылайша бұл мереке балаларды қорғау күні емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдыңда тұрған зор міндет-болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. балаларға жасайтынан жақсы тәрбие беруіміз керек. Бүгінгі біздің осы мерекеде өте қызықты іс-шара болды.