Текст
12.12.2025
"Ақбота" бөбекжайында психология апталығының іс-шаралары өткізілді. "Ақбота" бөбекжайында апталық басы көтеріңкі көңіл-күймен бастау алды.
Апталықтың ресми ашылуын педагог-психолог Мукажанова А. жүргізіп, балаларға да, педагогтарға да жақсы энергия сыйлады. Күн ерекше флешмоб биімен басталып, барлығы шаттыққа толы атмосфераға енді.
Кіреберіс бөлігінде тәрбиешілерге арналған апталық туралы ақпарат паспорт құжат форматында таратылды. Ал педагогтармен өткен «Сиқырлы сыйлық» атты тренинг өте қызықты өтті. Қатысушылар бір-біріне жылы тілектер айтып, жағымды әсерлерімен бөлісті.
Тренингке қатысқан барша педагогтар көтеріңкі көңіл-күй алып, жақсы эмоцияға бөленді.