Текст
15.12.2025
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Көбелек» тобының тәрбиеленушілерімен, тәрбиеші Ибраева Сая Мұқанқызының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында мазмұнды тақырыптық сағат өткізілді.
Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Балалар ел рәміздеріне деген құрметтерін көрсетіп, Отан туралы білімдерін толықтырды.
✨ Сергіту сәті:
«Күн мен бұлт» ойыны арқылы балалардың көңіл-күйі көтеріліп, белсенділігі артты.
🎨 Танымдық бөлімде:
Тәрбиеленушілер Мемлекеттік рәміздерге арналған пазл құрастырып, Ту, Елтаңба, Гимн туралы білімдерін бекітті.
Тәрбие сағаты балаларға патриоттық рух беріп, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.