15.12.2025
Тәуелсіз елдің болашағы — білімді де өнерлі ұрпақ!
Тәуелсіз еліміздің жастары заман талабына сай білімді, өнерлі, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуі — бүгінгі күннің басты талабы. Болашағына айқын бағдар түзеген Қазақстан өркениетті елдер қатарына қадам басып келеді.
Осы жолда бөбекжайдан бастап балаларды елжандылыққа, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ерекше мән берілуде. Баланың бойындағы Отанға деген алғашқы сезім, ұлттық рух пен мақтаныш дәл осы бөбекжай қабырғасынан қалыптасады.
«Ел бірлігі — ең басты құндылық. Осы жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіре білу — біздің ортақ міндетіміз».
Бұл асыл идеяны жүзеге асыру педагогтардың қолында. Ал сол үлкен істің бастауы бөбекжайдан басталып жатқаны — үлкен жетістік әрі зор жауапкершілік емес пе?!