Текст
31.12.2025
🎄✨ Жаңа жыл – сиқыр мен шаттыққа толы мереке! ✨🎄
Жаңа жыл – балалар асыға күтетін ең көңілді, ең ғажайып мерекелердің бірі. Бұл күні біз ескі жылды шығарып салып, жаңа үміттерге толы жаңа жылды қарсы аламыз. Әсем безендірілген шырша, Аяз ата мен Ақшақар, әсем ән мен көңілді би – бәрі-бәрі балаларға ерекше қуаныш сыйлайды.
👶🌟 Кіші «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері де жаңа жылдық ертеңгілікті шаттықпен қарсы алды. Балалар шыршаны айнала ән шырқап, би билеп, Аяз атаға жаттаған тақпақтарын айтып, тәтті сыйлықтарға ие болды.
🎁😊 Бүлдіршіндердің жүзіндегі шаттық пен күлкі, жарқын көңіл-күй мерекенің сәнін келтірді. Балалар жаңа жылға қуанышпен, жақсы көңіл-күймен қадам басты.
✨ Жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт, шаттық пен мол жақсылық әкелсін! ✨