" />
31.12.2025
Ертеңгілікке топ тәрбиеленушілері белсене қатысып, көптен күткен Аяз ата мен Ақшақарды шақырып, жаттаған тақпақтарын айтып, ән салып, би биледі. Балалардың көтеріңкі көңіл күйі мен белсенділігі мерекенің сәнін кіргізді.
Мерекелік шара барысында ертегі кейіпкерлері – Аю, Түлкі және Лунтиктер қатысып, балаларды ертегі әлеміне жетеледі. Сахналық көрініс барысында балалар түрлі тапсырмаларды орындап, Аяз атаның қапшығындағы тәттілердің қалай табылғанын бірге сахналап көрсетті. Сонымен қатар «Қар жинау», «Шырша безендіру» атты қызықты ойындар ойнатылды.
Балалар ән шырқап, би билеп, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, Аяз атаның сыйлықтары мен тәттілеріне ие болды. Ертеңгілік балаларға ерекше әсер қалдырып, шаттық пен қуаныш сыйлады.