Текст
" />
🎄✨ Құтты болсын, сиқырлы Жаңа жыл! ✨🎄
Ортаңғы «Ботақан» тобында
«Құтты болсын, сиқырлы Жаңа жыл!» атты жарқын да әсерлі жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.
Жаңа жыл – балалар үшін ең көңілді әрі сиқырға толы мереке. Әсем безендірілген шырша жанында бүлдіршіндер ән шырқап, әдемі би билеп, түрлі қызықты ойындарға белсене қатысты 🎶💃
Балалар көптен күткен Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып, жаттаған тақпақтарын айтып, тәтті сыйлықтарға ие болды 🎁
Бұл мереке мейірімге, достыққа және жылы тілектерге толы болып, балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🎅🎄 Сиқырлы Жаңа жыл баршаңызға қуаныш пен бақыт әкелсін! 🎄🎅