Текст
" />
31.12.2025
🎄✨ «Менің Жаңа жылдық шығармашылығым» байқауы ✨🎄
Бөбекжайымызда «Менің Жаңа жылдық шығармашылығым» байқауы аясында балалардың шығармашылық жұмыстары қойылған көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге ұсынылған әрбір жұмыс Жаңа жыл мерекесінің көңілді сәттерін, әсем безендірілген шыршаны, қарлы қыс пен ертегіге толы әлемді бейнелейді ❄️🎨
Балалардың қиялы мен шығармашылығы арқылы жасалған жұмыстар мерекелік көңіл күй сыйлап, көрермендердің қызығушылығын арттырды.
Байқауға қатысқан бүлдіршіндер өз өнерлерін паш етіп, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын, еңбекқорлықтары мен қиялдарының ұшқырлығын көрсете білді 🌟
🎁✨ Осындай байқаулар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етеді! ✨🎁