Текст
23.01.2026
🔥 «Өрттен сақ бол, балақай!» 🔥
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортанғы «Ботақан» тобының бүлдіршіндеріне арналған тақырыптық-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға өрттің қайдан шығатыны және оның қауіптілігі туралы түсінік беру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.
Балалар өрт қауіпсіздігі туралы өлеңді тыңдап, есте сақтап, қауіпсіздік ережелерін ойнау арқылы меңгерді:
«Отпен ойнап болмайды,
Қауіп төнер оңай-ақ.
Сіріңкені көрсең де,
Қолға алма, бол сақ балақай!
Өрт шықса егер абайла,
101-ге хабарла.
Үлкендерге тез айтқын,
Өміріңді қорға да!» 🔔
Балалар белсенді қатысып, танымдық ойындар арқылы қауіпсіздік ережелерін бекітті. 🚒✨