23.01.2026
👮♂️🎨 «Менің әкем – полиция қызметкері» сурет көрмесі 🎨👮♂️
"Ақбота" бөбекжайында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында мектепалды және ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен тақырыптық сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға 4–5 жастағы тәрбиеленушілер қатысып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы полиция қызметкері мамандығына деген құрметін көрсетті.
🎯 Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың құқықтық сауаттылық туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, шығармашылық әрекет арқылы полиция қызметкері мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
🖼️ Көрмеге қатысқан тәрбиеленушілер:
🔹 «Құлыншақ» мектепалды тобы – Мұратбек Арай, Нигмитуллина Айлин;
🔹 «Нұрсәуле» ересек тобы – Кенжебек Бексұлтан;
🔹 «Көбелек» ересек тобы – Қанат Зере, Кенжебай Малика, Асетова Айлана, Амантаева Айназым.
Барлық қатысқан тәрбиеленушілерге, ата-аналарға және іс-шараны ұйымдастырған тәрбиешілерге алғыс білдіреміз! 🌸
Осындай іс-шаралар арқылы балалардың азаматтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті қалыптасады.