Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өрт сөндіруші – батыр мамандық» МКҚК «Ақбота» бөбекжайы | «Балбөбек» санаторлық тобы

27.01.2026

🔥 «Өрт сөндіруші – батыр мамандық» 🔥
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы | «Балбөбек» санаторлық тобы

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Балбөбек» санаторлық тобында балалардың денсаулығын нығайтуға және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған танымдық-тәрбиелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қауіпсіздік ережелері, өрттің алдын алу жолдары және өрт сөндіруші мамандығының маңызы түсіндірілді. Балалар өрт сөндірушімен бірге түрлі тапсырмалар орындап, экран арқылы үй жағдайында өрттің алдын алу ережелерімен танысты.

🌲 Сонымен қатар балалар орманға саяхат жасап, табиғатты қорғау, қоқыс қалдықтарын тастамау және жинауға көмектесу арқылы экологиялық тәрбие алды.

🎖️ Барлық тапсырмаларды белсенді орындаған балалар өрт сөндіруші маманынан арнайы төсбелгілермен марапатталды. Балалардың көңіл-күйі көтеріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін зор ықыласпен айтып өтті.

🔥 Қауіпсіздік пен денсаулық – әр баланың өміріндегі басты құндылық!

Просмотров: 167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст