27.01.2026
🔥 «Өрттен сақтану – өз қолымызда» 🔥
«Көбелек» ересек тобы
Бүгін бөбекжайымыздың «Көбелек» ересек тобында өрт қауіпсіздігіне арналған танымдық ертеңгілік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.
Ертеңгілік барысында балалар өрттің қауіпті екенін түсініп, өрттің алдын алу жолдары туралы мағлұмат алды. Танымдық ойындар ойнатылып, сұрақ-жауап арқылы балалардың білімдері бекітілді.
🐰 Сонымен қатар ертегі кейіпкері Қоян қонаққа келіп, балаларды от жағудың қауіпті екенін түсінуге жетеледі. Балалар қонаққа келген кейіпкерге өрт қауіпсіздігі ережелерін айтып, сіріңкемен ойнауға болмайтынын және отты рұқсатсыз жағудың қауіпті екенін түсіндірді. Ата-аналар осы тақырыпқа байланысты макеттер дайындап, тәрбиешілер көрме жұмысын ұййымдастырды
Балалар іс-шара барысында жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты.
🔥 Қауіпсіздік – әр баланың өміріндегі басты құндылық!