Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобында «Дымбілмес өрт сөндіруші болуға қалай дайындалды?» тақырыбында қызықты, әрі танымдық ертеңгілік іс-шара

30.01.2026

«Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» тобында тәрбиешілер Амирбаева А.Д мен Рахматулина А.С-ның ұйымдастыруымен «Дымбілмес өрт сөндіруші болуға қалай дайындалды?» тақырыбында қызықты, әрі танымдық ертеңгілік іс-шара өткізілді 🔥👨‍🚒

Іс-шара барысында балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсіріп, оттың пайдасы мен зиянын ажырата білуді үйренді. Ертегі кейіпкері Дымбілмес балалармен бірге ойындарға қатысып, сіріңкемен ойнаудың қауіпті екенін түсінді.

Балалар:
✅ «Бұл қауіпті!» ойыны арқылы өртке себеп болатын жағдайларды анықтады;
✅ «Өрт сөндірушінің құралдары» эстафеталық ойынында ептілік пен шапшаңдық көрсетті;
✅ Құтқару қызметінің 101 нөмірін жаттап, оны қай жағдайда қолдану керектігін білді.

Іс-шара өте қызықты өтті, балалар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Осындай танымдық іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің қауіпсіздікке деген жауапкершілігі арта түсуде 👏

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст