Текст
30.01.2026
Ересек «Еркетай» тобында «Өрттен сақ бол!» тақырыбында тәжірибелік іс-әрекет ұйымдастырылды 🔥
Іс-әрекет барысында балалар өрттің неге және қайдан шығатынын түсініп, өрт болған жағдайда 101 нөміріне хабарласып, өрт сөндірушілерді шақыруды үйренді.
Сонымен қатар бүлдіршіндер өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысып, сақтыққа, төтенше жағдайда дұрыс әрі жауапты әрекет етуге дағдыланды.
Тәжірибелік жұмыс балалардың қызығушылығын арттырып, қауіпсіздікке деген жауапкершілігін нығайтты.