Текст
30.01.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» тобында «Өрттен сақ бол!» тақырыбында тәжірибелік іс-шара өтті 🔥
Іс-шара барысында балалар «Мысықтың үйшігі» ертегісі негізінде қойылым қойып, өрттен сақтану жолдары туралы маңызды мәліметтер алды. Тәжірибелік бөлімде өрттің жабық ауада жанбайтыны, отты сумен сөндіруге болатыны көрсетілді.
Сонымен қатар тәрбиеленушілер тақпақтар айтып, мақал-мәтелдер айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға ықпал етті 🚒✨