Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қошақан» мектепалды тобында балалармен «Адалдық дүкені» акциясы

02.02.2026

🌿 «Ақбота» бөбекжайында «Адалдық дүкені» акциясы өтті 🌿

МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Қошақан» мектепалды тобында балалармен «Адалдық дүкені» акциясы ойын форматында ұйымдастырылды.
 «Адалдық дүкені» акциясы «Адалдық, заң және тәртіп» тақырыбында өткізілді.

Ойын барысында балалар дүкенде өзін дұрыс ұстау ережелерімен танысып, адал болу, еңбектің нәтижесінде ғана ақша табылатынын, ұрлық пен өтіріктің дұрыс емес әрекет екенін түсінді.
Балалар ережелерді сақтай отырып, ескертусіз және бақылаусыз өз бетінше әрекет жасауға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында «Ереже бұзса не болады?» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылып, балалар өз ойларын еркін жеткізді.

Күтілетін нәтиже:
Балалар саналы түрде ережелерді сақтауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және мінез-құлқын бақылауға дағдыланды.

Аталған акция балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.

#АдалдықДүкені
#ҚошақанТобы
#ЗаңЖәнеТәртіп
#РуханиТәрбие

 
 
 
Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст