Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құлыншақ» мектепалды тобында балалармен «Адалдық дүкені» акциясы

02.02.2026

🌿 «Ақбота» бөбекжайында «Адалдық дүкені» акциясы өтті 🌿                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Құлыншақ» мектепалды тобында балалармен «Адалдық дүкені» акциясы ойын форматында ұйымдастырылды.
«Адалдық дүкені» акциясы «Адалдық, заң және тәртіп» тақырыбында өткізілді

Әңгіме барысында балаларға адалдық ұғымы түсіндіріліп, адал болу – шындықты айту, өтірік айтпау, өзгенің затын рұқсатсыз алмау екендігі ұғындырылды.
Балалар күнделікті өмірде адалдық қағидаларын сақтау керектігін түсініп, өз ойларын еркін білдірді.

Аталған іс-шара балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, заң мен тәртіпке деген оң көзқарасын дамытуға бағытталды.

Күтілетін нәтиже:
Балалар саналы түрде ережелерді сақтауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және мінез-құлқын бақылауға дағдыланды.

Аталған акция балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.

#Адалдық
#ЗаңЖәнеТәртіп
#АдалдықДүкені
#ҚұлыншақТобы

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст