Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ақбота” бөбекжайының «Көбелек» ересек тобында «Адалдық дүкені» акциясы

02.02.2026

🌿"Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында “Ақбота” бөбекжайында «Адалдық дүкені» акциясы өтті 🌿

“Ақбота” бөбекжайының «Көбелек» ересек тобында «Адалдық дүкені» акциясы ойын форматында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тәрбиеші балалардың бағалаусыз және бақылаусыз өз бетінше әрекет етуіне жағдай жасап, процесті бағыттаушы ретінде сүйемелдеді.
4 жастағы тәрбиеленушілер дүкен ережелерін сақтап, ойын барысында дүкенге келген әжеге көмектесу арқылы өзара сыйластық пен ізеттілік танытты.

✨ Акция нәтижесінде балаларда:

адалдық пен жауапкершілік туралы бастапқы түсінік қалыптасты;

ережелерді сақтай білу дағдысы дамыды;

мінез-құлық пен тәртіп нормаларына оң көзқарас қалыптасты.

Аталған ойын форматы балалардың адамгершілік құндылықтарын ерте жастан дамытуға ықпал етті.

#АдалдықДүкені
#КөбелекТобы
#РуханиТәрбие
#АдалҰрпақ

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст