13.02.2026
🔥 Ересек топтарда «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» аясында тағылымды кездесу өтті
Ересек топ бірлестіктері бірігіп, жетекші Рахматулина Арман Салимовнаның ұйымдастыруымен «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында мазмұнды іс-шара өткізді.
Іс-шараның ерекше қонағы – «Еркетай» тобының тәрбиеленушісі Марат Асаналидің әкесі, өрт сөндіруші Сабитов Даурен Маратұлы болды.
Кәсіби маман балаларға өрттің шығу себептері, оның қауіптілігі мен зияны туралы түсінікті тілде айтып берді. Сонымен қатар өрт сөндіру қызметін қалай шақыру керектігін (101, 112 нөмірлері) көрсетіп, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау қажет екенін түсіндірді.
Балалар өрт сөндірушілердің арнайы киімдерімен, құрал-жабдықтарымен танысып, олардың қалай жұмыс істейтінін білді. Қорғаныс киімін, дулығаны, арнайы құралдарды көріп, үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу соңында балалар өрт сөндірушілерді нағыз батыр мамандық иелері ретінде қабылдап, бұл кәсіптің қаншалықты жауапты әрі қауіпті екенін түсінді.
Осындай тағылымды кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында батылдық пен құрмет сезімін оятады 🤍
#ӨртҚауіпсіздігі
#БірыңғайӨртҚауіпсіздігіКүні
#ЕресекТоп
#ЕркетайТобы
#ҚауіпсізБалалықШақ
#БатырМамандық