Текст
13.03.2026
Бөбекжай әдіскері педагог, тәрбиешілермен Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында педагог, тәрбиешілер мерекені ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдармен танысып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай мерекелік бағдарлама жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен халық әндерін мерекелік шараларда қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Тәрбиеленушілермен өткізілетін мерекелік іс-шаралардың мазмұны мен форматы бойынша ұсыныстар берілді.