Текст
13.03.2026
"Еркетай" ересек тобында ата-аналармен «Туберкулез, балаларыңызды ескертіңіз және қорғаңыз» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға туберкулез ауруының қауіптілігі, оның жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат беру. Ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтау, жеке гигиенаны сақтау, дұрыс тамақтану, уақтылы медициналық тексерістен өту және вакцинацияның маңыздылығы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажеттігі айтылды. Жұмыс барысында ата-аналарға кеңестер беріліп, түсіндірме әңгіме өткізілді.