Текст
14.03.2026
"Нұрсәуле" ересек тобында Амал мерекесіне орай көрісу дәстүрі ұйымдастырылды. Тәрбиеші ата-аналармен және балалармен көрісіп, құшақтасып, мерекенің жылы лебізін жеткізді. Ата-аналар мен балаларды бауырсақ пен тәттілермен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй орнады. Балалар ұлттық дәстүрдің мәнін түсініп, үлкендерден үлгі алды. Осындай шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу жалғасын табуда. 🌸