Текст
14.03.2026
"Балбөбек" санаторлық тобында Көрісу күніне орай шағын тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиеші ата-аналармен көрісіп, ұлттық дәстүрдің мәні мен маңызы туралы әңгіме жүргізді. Топтың әкелері бір-бірімен құшақ айқастыра көрісіп, балаларға үлгі көрсетті. Балалар да үлкендерден көргенін қайталап, көрісудің әдебі мен мағынасы жайлы мағлұмат алды. Осындай тәрбиелік шаралар арқылы ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу жалғасуда.