Текст
14.03.2026
Бөбекжайымызда Амал мерекесіне арналған тәрбиелік шара өтті. "Құлыншақ" тобының ата-аналары қазақ халқының «Көрісу» дәстүрін еске ала отырып, Амал мерекесінде бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Бұл ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған ата-аналарымызбен өткізген мазмұнды іс-шара болды.