Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында «Ақбота» бөбекжайында «Шебер қолдар» атты көрме ұйымдастырылды

16.03.2026

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында «Ақбота» бөбекжайында «Шебер қолдар» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге бөбекжайдың барлық топтары белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Көрмеде халық қолөнерінің үлгілері, кесте тігу өнері, балалардың салған әсем суреттері және ұлттық тағам түрлері қойылды. Ұлттық мәдениетімізді насихаттауға бағытталған бұл шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың туған халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, ата-аналар мен педагогтердің бірлескен еңбегі көрменің мазмұнын байыта түсті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, мәдени мұрамызды құрметтеуге тәрбиелейміз.

Просмотров: 82


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст