16.03.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының «Құлыншақ» тобында педагог-психолог Муқажанова А. «Достық» тақырыбында тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты – балаларды бір-біріне сенуге, өзара сыйластық пен татулыққа тәрбиелеу, шығармашылық терапия арқылы достықтың маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында «Достық сарайы» атты шығармашылық бөлім ұйымдастырылып, балалар ватман, қылқалам және гуашь бояуларын пайдаланып «Біздің Ақбота» атты ұжымдық жұмыс жасады. Барлығы бірлесіп еңбек еткенде, бөбекжайымыздың бейнесі әдемі әрі көркем болып шықты. Сонымен қатар бүлдіршіндер «Достық» туралы мақал-мәтелдер айтып, өзара жарысып, достықтың қадірін тағы бір мәрте ұғынды. Тренинг соңында «Достық шеңбері» ұйымдастырылып, балалар өз әсерлерімен бөлісті. Бүлдіршіндерге тренинг өте ұнап, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Осындай тәрбиелік мәні зор жұмыстар балалардың бір-біріне деген сенімін арттырып, достық пен сыйластықтың маңызын түсінуге ықпал етеді.