Текст
18.03.2026
"Еркетай" ересек тобында «Бауырсақ- PARTY» ерекше мерекесі өтті. Бауырсақ – халқымыздың дастарханындағы ең қадірлі тағамдардың бірі. Ол қуаныштың, молшылықтың және қонақжайлылықтың белгісі. Әсіресе мерекелерде, соның ішінде Наурызда, бауырсақ әр шаңырақта пісіріледі. 🍽️🌸 «Еркетай» тобының ата-аналары балаларымызға ұлттық құндылықтарды үйрету – біздің ортақ міндетіміз деп санайды. 👨👩👧👦 Үйде бірге бауырсақ пісіріп, оның мән-мағынасын түсіндіру арқылы балаларымыздың ұлттық тағамға деген құрметін арттырады. 💖Балаларымыз ата-аналарымен бірге бауырсақ пісіріп, ұлттық тағамның маңыздылығын түсініп, оны бір-бірімен бөлісіп, тамашалады. 🍪🎉 Ұлттық тағам – ұлттың айнасы!