18.03.2026
🎉 Бөбекжайдың НАУРЫЗНАМА жоспары бойынша 18 наурыз – Ұлттық киім күні тойланды🎉 Бүгін біздің бөбекжайда ерекше әрі қызықты «Ұлттық киім-мақтаныш» сән байқауы өткізілді! 🏆✨ Барлық топтар белсене қатысып, ұлттық киімдерді ерекше сәнде көрсетіп, әрқайсысы өздерінің киімдерімен таныстырып өтті. 👗👚
Кештің басты мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау және ұлттық киімдердің маңызын түсіндіру болды. Балалар өз киімдері арқылы ұлттық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды дәріптеп, барлығына мақтанышпен көрсетті. 🇰🇿🌸
Барлық қатысушыларымыз номинациялармен марапатталып, арнайы сыйлықтармен табысталды. 🏅🎁
Бұл байқау балаларға ұлттық мәдениетімізге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыруға мүмкіндік берді. 💖
Ұлттық киім – біздің мақтанышымыз!
#ҰлттықКиім #СәнБайқауы #МәдениМұра #Бөбекжай #Балалар