Текст
19.03.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» тобында «Жыл мезгілдері. Жыл айлары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар сандарды санау, геометриялық пішіндерді ажырату және жыл мезгілдері туралы білімдерін бекітті. Заманауи әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллект элементтері қолданылып, балалардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Роботтышқанмен жұмыс жасау арқылы балалардың танымдық белсенділігі арта түсті. Іс-әрекет мазмұнды, әрі нәтижелі өтті.