Текст
19.03.2026
🎉 «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік іс-шара🎉
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ересек «Нұрсәуле» және «Көбелек» топтары бірлестігінің ұйымдастыруымен ата-аналардың қатысуымен «Наурыз – береке бастауы» тақырыбында қызықты іс-шара өткізілді. 🌸
Іс-шара барысында ұлттық ойындар, атап айтқанда «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Кім жылдам», «Шаңырақ» және басқа да ойындар ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалар белсенді қатысып, ерекше көңіл күй сыйлады. 🏆🤝
Мерекелік шара ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. 🇰🇿
Іс-шара өте қызықты, әсерлі әрі жоғары деңгейде өтті!
#НаурызМейрамы #ҰлттықОйындар #АқботаБөбекжайы #Нұрсәуле #Көбелек #ҰлттықҚұндылықтар #АтаАнаЖәнеБала