19.03.2026
🌱 Жаңару күні – жаңарудың, өсіп-өнудің бастауы! 🌱
Жаңару күні – табиғаттың қайта түлеп, жаңа өмір басталатын кезеңі. "Еркетай" ересек тобында осы күнді бөлме гүлдерін отырғызумен байланыстырып – жаңарудың, өсіп-өнудің символы деп таңдады.
Ата-аналарымыз топтағы гүлдерді көбейту мақсатында гүлдер әкеліп, үлкен қолдау көрсетті. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз! 💐
Тәрбиеші Асел апай балалармен бірге гүл отырғызу кезеңдерін көрсетіп, әрбір қадамды түсіндірді. Балалар өз қолдарымен гүл отырғызып, табиғатқа қамқорлық жасауды үйренді. 🌿
Балалармен бірге гүл отырғызу арқылы біз оларға табиғатты аялауды, еңбекті бағалауды үйретеміз. Гүлді күту – бұл жауапкершілік пен мейірімділіктің белгісі. 💚
Ата-аналардың қолдауы бұл жерде ерекше маңызды. Үйде бірге гүл егіп, күтіп-баптау арқылы балаға үлгі болып, оның табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырасыздар.
#ЖаңаруКүні #ТабиғаттыАялау #АқботаБөбекжайы #АтаАнаҚолдауы #ҰлттықҚұндылықтар