19.03.2026
🌱 «Жаңару күні» мерекесіне орай игі іс-шара🌱
«Жаңару күні» мерекесіне орай «Ақбота» бөбекжайының кіші «Күншуақ» тобында ата-аналардың көмегімен тәрбиелік маңызы зор іс-шара ұйымдастырылды. 🌸Балалар гүл отырғызу арқылы еңбекке баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Тәрбиеші апайлар балаларға гүлді қалай күтіп-баптау керектігін түсіндіріп, табиғатты қорғаудың маңыздылығын айтып өтті. 🌿Сонымен қатар балалардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта гүлдердің күнделікті өсу кезеңдерін бақылау жұмыстары жүргізіліп, олардың қызығушылығын арттыру көзделеді. 🔍🌱Бұл іс-шара бүлдіршіндердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. 💚Отырғызылған гүл өсінділері өсіп жетілген соң, оларды даладағы ойын алаңына отырғызу жоспарлануда. 🌱😊
#ЖаңаруКүні #КүншуақТобы #АқботаБөбекжайы #ТабиғаттыАялау #ЭкологиялықТәрбие #ЗерттеушілікДағды