19.03.2026
🤝 «Жақсылық жасап, жарысайық» қайырымдылық шарасы 🤝
«Жақсылық жасап, жарысайық» ұранымен «Ақбота» бөбекжайының «Қошақан» мектепалды тобы Рамазан айының соңғы күнінде игі іс-шара ұйымдастырды. 🌙 «Қошақан» мектепалды тобының тәрбиешілерінің бастамасымен, ата-аналарының қолдауымен Ерик Мусахановичтің отбасына азық-түлік және ақшалай көмек көрсетілді. Бұл – қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі болды. 🛍️💖 Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің ең биік көрінісі. Осындай игі істер арқылы біз балаларға қамқорлық, жанашырлық, бір-біріне қолдау көрсету сияқты асыл қасиеттерді үйретеміз. 🤲Жақсылық жасау – әр адамның жүрегінен басталады. Бірлік пен мейірім бар жерде береке де мол болады! 🌟
#Қайырымдылық #ЖақсылықЖасайық #ҚошақанТобы #АқботаБөбекжайы #РамазанАйы #Мейірімділік