Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңару күні» – Жасыл желекке қамқорлық!

19.03.2026

🌱 «Жаңару күні» – Жасыл желекке қамқорлық! 🌱
«Балбөбек» санаторлық тобы
«Жаңару күні» мерекесіне орай «Ақбота» бөбекжайының санаторлық «Балбөбек» тобында балалармен гүл егу іс-шарасы ұйымдастырылды. 🌸
Іс-шараның мақсаты – балаларға гүл отырғызу жолдарын үйретіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту. Балаларға алдымен топыраққа гүл тұқымын себу, кейін су құю керектігі көрсетіліп, өсімдіктің өсуіне күннің жарығы мен жылуының маңызы түсіндірілді. 🌿
Сонымен қатар, гүлдерді терезе алдында өсіріп, күнделікті су құйып, күтіп-баптау қажеттігі айтылды. Ал жасыл желек өсіп шыққан соң, күн жылынғанда оны даладағы ойын алаңына отырғызу жоспарлануда. 🌱
Бұл іс-шара балалардың табиғатқа деген қамқорлығын арттырып, еңбекке баулиды және экологиялық мәдениетін қалыптастырады. 💚

#ЖаңаруКүні #БалбөбекТобы #АқботаБөбекжайы #ЖасылЖелек #ТабиғаттыАялау #ЭкологиялықТәрбие

Просмотров: 40


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст