Текст
20.03.2026
🌱 «Жаңару күні» – Жасыл желекке қамқорлық! 🌱
Экологиялық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл желек» іс-шарасына «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Құлыншақ» тобының балалары да өз үлестерін қосты. 🌸 Балалар топтағы гүлдерге күтім жасап, жаңа гүлдер отырғызып, табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті. 🌿 Әрбір бүлдіршін жасыл желектің маңызын түсініп, оны аялауды үйренді. Бұл іс-шара балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. 💚
#ЖасылЖелек #ҚұлыншақТобы #АқботаБөбекжайы #ТабиғаттыАялау #ЭкологиялықТәрбие