Текст
20.03.2026
🎉 Ұлттық ойындар күніне арналған іс-шара 🎉
Ұлттық ойындар мерекесіне орай ортаңғы топтар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Балалар белсене қатысып, халқымыздың дәстүрлі ойындарын ойнап, ерекше көңіл күйге бөленді. Іс-шара барысында арқан тартыс, асық ату, бес асық, оқтау тартыс және қол күрес ойындары ойналды. 🏆 Бұл ойындар балалардың ептілігін, жылдамдығын және ұйымшылдығын дамытты. Ұлттық ойындар арқылы балалар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, салт-дәстүрімізбен тереңірек танысты. 💫
#ҰлттықОйындар #АқботаБөбекжайы #ҰлттықҚұндылықтар #Дәстүр #БалаларТәрбиесі