Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балбөбек» санаторлық тобында ата-аналардың қатысуымен «Ұлттық мұра – отбасынан басталады» атты іс-шара

20.03.2026

🌸 «Ұлттық мұра – отбасынан басталады» іс-шарасы 🌸

«Жыл басы» – Наурыз мейрамына орай және  «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Ақбота» бөбекжайының «Балбөбек» санаторлық  тобында ата-аналардың қатысуымен «Ұлттық мұра – отбасынан басталады» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Наурыз мерекесі арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-аналармен бірлесе отырып қазақтың ұлттық тағамдарын таныстыру болды. Әр ата-ана өзімен әкелген тағамын таныстырып, оның мән-мағынасын түсіндірді. Мысалы, бауырсақ – қуаныш пен мерекенің белгісі, ал май – молшылықтың нышаны екені айтылды. 🍪 Балалармен «Дәмін тап» ойыны ойналып, көздерін жұмып, тағамдардың дәмін татып, оларды табуға тырысты. Сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасында арқан тартысасық сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ерекше көңілді атмосфера қалыптасты. 🏆 Дастарқан басында ата-аналар бір-біріне ақ тілектер айтып, жылы лебіздерін білдірді. 💫 Бұл іс-шара арқылы балалар ұлттық тәрбиені отбасынан алатынын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қонақжайлық пен ұлттық дәстүрлерді сақтау – әр отбасының басты құндылығы екенін ұғынды. 💚

#НаурызМейрамы #БалбөбекТобы #АқботаБөбекжайы #ҰлттықҚұндылықтар #АдалАзамат #ҰлттықТағамдар #ОтбасыТәрбиесі

Просмотров: 23


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст