20.03.2026
"Наурызнама" жоспары бойынша "Ұлттық ойын" күніне орай және "Адал азамат" бағдарламасын іске асыру жұмыс жоспары бойынша "Құлыншақ", "Қошақан" мектепалды топтарының әкелерімен «Әке көрген оқ жонар» тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға әкені құрметтеуді, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді және әкенің еңбегін бағалай білуді, ұлттық ойындардың маңыздылығын түсіндіру болды.
Шара барысында балалар мақал-мәтел айтып, жеті қазына, үш би туралы сұрақтарға жауап берді. Ал әкелерімен асық ату арқылы «Кім мерген?», қол күрес, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар ойналып, ерекше көңілді атмосфера қалыптасты. 🏆 Іс-шара балаларға үлкен әсер қалдырып, әкелер де көтеріңкі көңіл күйде болды. 💙
#ҰлттықОйынКүні #ӘкеКөргенОқЖонар #АқботаБөбекжайы #ҰлттықҚұндылықтар #ҰлттықОйындар #ӘкеМенБала