Текст
20.03.2026
🌸 «Наурыз – береке мен бірліктің бастауы» мерекелік іс-шарасы🌸
«Ақбота» бөбекжайының «Күншуақ» тобы ата-аналарымен бірлесе отырып «Наурыз – береке мен бірліктің бастауы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. 🎉 Мереке барысында балалар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрлерді көрсетті. Ата-аналар да белсенді қатысып, домбырамен дәстүрлі әндер шырқап, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🎶 Сонымен қатар дастархан жайылып, ұлттық тағам – Наурыз көже ұсынылды. 🍲 Бұл іс-шара балалар мен ата-аналардың бірлігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты. 💚
#НаурызМейрамы #КүншуақТобы #АқботаБөбекжайы #ҰлттықҚұндылықтар #Бірлік #Береке