Текст
26.03.2026
🩺 Туберкулездің алдын алу – басты назарда! 🩺
«Ақбота» бөбекжайының «Балбөбек» тобында ата-аналарға туберкулездің алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Туберкулез – ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру екені айтылып, оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Атап айтқанда, жыл сайынғы медициналық тексерістен өту, вакциналық екпелерді уақытында алу, салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. 🥗
Іс-шара барысында ата-аналарға қажетті ақпараттық жаднамалар таратылып, балалардың денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді. 💚
#ТуберкулездіңАлдынАлу #БалбөбекТобы #АқботаБөбекжайы #Денсаулық #СалауаттыӨмірСалты