Текст
09.04.2026
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының мектепалды «Қошақан» тобында «Тәртіп және ұқыптылық» бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Балалар өз-өзіне қызмет жасап, таңертең киімдерін реттеп, жинауға, топтағы гүлдерді күтіп-баптауға, тазалық сақтауға белсенді қатысады. Сонымен қатар, жол ережелерін де үнемі қайталап отырамыз.
✨ Біздің мақсатымыз – өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізді ұқыпты, тәртіпті және жауапкершілігі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу.