Текст
13.04.2026
🌌 12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай «Балбөбек» санаторлық тобында танымдық іс-шара өткізілді. Балалар ғарыш, ғарышкерлер және ғаламшарлар туралы қызықты мәліметтермен танысып, ерекше әсер алды.
Іс-шара барысында шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, ойындар мен шағын көріністер арқылы білімдері толықтырылды. ✨ Бұл мереке бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, қиялын дамытып, ғылымға деген алғашқы қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.