Текст
13.04.2026
🚀 «Ақбота» бөбекжайының «Нұрсәуле» тобының балаларымен «Жас ғарышкерлер» атты спорттық сайыс өткізілді. Балаларға Ғарышкерлер күні туралы толық мәлімет беріліп, алғаш ғарышқа ұшқан адам және Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерлері жайлы таныстырылды. Іс-шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалардың ептілігі, жылдамдығы, тепе-теңдікті сақтауы және шапшаңдығы дамытылды.✨ Спорттық сайыс балалардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенділікке және бәсекелестікке тәрбиеледі.