Текст
13.04.2026
🌌 «Еркетай» тобында Ғарышкерлер күніне орай танымдық іс-әрекет өткізілді. Балалар ғарыш туралы қысқаша мәлімет алып, алғашқы ғарышкерлермен танысты. Олардың ерліктері жайлы қызықты әңгімелер айтылды. Тақырыпты тереңірек түсіну үшін бейнеролик көрсетіліп, балалар ерекше әсер алды.✨ Сонымен қатар, қимылды ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің белсенді қатысуы мен қызығушылығы артты.