Текст
13.04.2026
🌌 МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ортаңғы «Балапан» тобында «Ғарышкерлер күні» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Танымдық тәрбие сағатының мақсаты – балаларды ғарышкерлермен таныстырып, ғарыш әлемі туралы түсініктерін кеңейту болды. Балалар топтық жұмыстарға қатысып, тақпақ айтып, тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстар орындады. ✨ Бүлдіршіндер белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде өз білімдерін көрсетті.