🎤✨ Сәуір айының 15 күні Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ жұлдыздары – 2026» атты аудандық байқау өтті. Аталған байқаудың мақсаты – білім саласындағы дарынды, өнерге құштар қызметкерлерді анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету. Байқауға ауданымыздан 20 дуэт қатысып, өзара өнер сайысына түсіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. 🌟 Осы байқауда МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешілері Уразбекова Гульмира Ануаровна мен Амирбаева Айкерим Даулетовна қатысып, өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігін, сахна мәдениетін және шығармашылық шеберлігін тағы бір қырынан дәлелдей білді. 🎶 Нәтижесінде олар «Кәсіподақ жұлдыздары – 2026» байқауында «Өнер тамған өнерпаздар» номинациясымен марапатталды. 💐 Біз өзіміздің өнерлі, жан-жақты дамыған тәрбиешілерімізбен мақтанамыз! Осындай ұстаздарымыз балаларға тек білім ғана емес, өнер мен шабыттың да үлгісін көрсетуде.