Текст
👩🍳 Жас аспазшылар
"Ботақан" ортаңғы тобында балалар мамандық жайлы ақпарат алып, өздері "Жас аспазшылар" сюжеттік ойынын ойнады. Аспаз – адамдарға дәмді әрі пайдалы тағам дайындайтын маман. Жас аспазшылар ойыны арқылы балалар ас әзірлеу процесімен танысып, тағам атауларын үйренеді. Ойын барысында балалар аспаз рөліне еніп, ас дайындайды, дастархан жасайды және бір-біріне қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, тазалық сақтау, қауіпсіздік ережелерін ұстану және бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. ✨ Бұл ойын балалардың қиялын дамытып, еңбекке қызығушылығын арттырады және ұйымшылдыққа тәрбиелейді.